Алматыда Қаржылық тұрақтылық туралы есептің тұсаукесерімен Қазақстан Ұлттық Банкінің талдаушы-сарапшылар клубының отырысы өтеді
9 қыркүйекте Алматы қаласындағы AlmaU университеті алаңында Қазақстан Ұлттық Банкінің талдаушы-сарапшылар пікірталас клубының отырысы өтеді.
Іс-шараға сарапшылық және академиялық қоғамдастықтардың, екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері шақырылды. Клуб отырысына Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысады.
Пікірсайыс клубының отырысы кезінде қаржылық тұрақтылық тәуекелдеріне шолу жасалады және 2023 жылғы қаржылық тұрақтылық туралы ҚҰБ есебінің негізгі қорытындылары талқыланады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz