1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ІБИ: іскерлік белсенділік барлық секторда жақсарды

2024 жылдың тамыз айындағы іскерлік белсенділік туралы Қазақстан Ұлттық Банкі АКС департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі     

2024 жылдың тамыз айында іскерлік белсенділік жақсара түсті. Көрсеткіш жетінші ай қатарынан оң аймақта қалып отыр.

Оң динамика барлық секторда бар. Тау-кен өнеркәсібінде жаңа тапсырыстар көлемінің артуы есебінен индекс 52,2 құрап (шілдеде – 49,8), өсу аймағына өтуімен айтарлықтай жақсарды. Басқа секторларда да өткен аймен салыстырғанда көрсеткіштің аздап өскені атап өтілді. Өндірісте индекс 51,8-ге дейін (шілдедегі 51,7-ден), қызмет көрсету секторында 51,1-ге дейін (51,0-ден), құрылыста 50,6-ға дейін (50,4-тен) көтерілді.

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне/қызметіне сұраныс артып келеді, алайда, өсу қарқыны біршама баяулады. Респонденттер бизнесті қорғау мәселесіне теріс баға берді, қалған факторлар (салық жүктемесі, инфрақұрылым және қаржы/несиеге қолжетімділік) бейтарап бағаланды.

Бизнес-ахуал индексі (БАИ) 2024 жылғы тамызда айтарлықтай өзгерген жоқ.  Қазіргі бизнес ахуалды бағалау көрсеткіші төмендеді, бірақ келешекке қатысты оптимизм жақсарды. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды, қазіргі және келешек жағдайлар оң бағаланды.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға