1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2024 жылғы І жартыжылдықта ҚҰБ-тың төлем жүйелері арқылы 683,2 трлн теңгеге төлем жүргізілді

2024 жылғы І жартыжылдықта Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы барлығы 683,2 трлн теңгеге төлем жүргізілді.

Бір күнде ұлттық төлем жүйелері: «Банкаралық ақша аударымдары жүйесі» (БААЖ) және «Банкаралық клиринг жүйесі» (БКЖ) арқылы операциялық бір күнде орта есеппен 5,6 трлн теңгеге төлем жүргізіледі. Операциялардың ең көбі сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін өңделеді.

2024 жылғы І жартыжылдықта Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа жарамдылық коэффициенті 99,95% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түсіп, ұлттық төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін көрсетеді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Ұлттық Банкі Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) операторы болып табылады. ҚҰБ-тың осы төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға