1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2025 және 2026 жылдары инфляция мен ЖІӨ қалай қалыптасады – талдаушылар болжамы

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ ұлттық валюта бағамы – сауалнаманың негізгі параметрлері болды.

Осы жылдың тамыз айында мұнай бағасына қатысты сценарий шарттары айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Респонденттердің медианалық күтулері бойынша, 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орташа есеппен барреліне 83,5 АҚШ долл. деңгейінде қалыптасады (бұған дейін – 83,7 АҚШ долл.). 2025 және 2026 жылғы күтулер 80,0 АҚШ долл. деңгейінде сақталып отыр.

2024 және 2026 жылдарға арналған Қазақстан экономикасына қатысты болжам 4,0% (бұдан бұрын – 4,1%) және 4,4%-ға (бұдан бұрын – 4,5%) дейін аздап қайта қаралған. 2025 жылы, бұрынғыдай 5,0% деңгейінде өсім күтілуде.

2024 және 2026 жылдары инфляция 8,0% және 6,0% деңгейінде күтіледі. 2025 жылға арналған болжам 6,8%-дан 6,9%-ға дейін аздап нашарлады.

Сарапшылардың 2025 жылға арналған базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша күтулері 11,0%-дан 11,9%-ға дейін қайта қаралған. 2024 жылға арналған базалық мөлшерлеме болжамдарының медианалық мәндері 14,4%-дан 14,5%-ға дейін біршама жоғарылады. 2026 жылға арналған бағалаулар өзгерген жоқ.

Сауалнамаға Қазақстан аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 14 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары және халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамдары кірмейтінін атап өткен жөн. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуына қатысты нарықтың кәсіби қатысушыларының дербес пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/macrosurvey

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға