Құрылыстан басқа барлық салада дайын өнімге сұраныс артып келеді
2024 жылдың II тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижесі бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі
Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама қорытындысы 2024 жылдың II тоқсанында құрылыстан басқа барлық салада дайын өнімге сұраныс артқанын көрсетті. 2024 жылдың III тоқсанында сұраныстың өсу үрдісі жалғасады деп күтіледі.
2024 жылғы II тоқсанда сату көрсеткішінің орташа рентабельділігі жалпы экономикада 23,8%-ға дейін өсті. Мұндай өсім барлық салада бар. Мәселен, ең жоғары рентабельділік тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында (38,5%), ал ең төмені – ауыл шаруашылығында (14,0%) байқалды.
2024 жылғы II тоқсанда экономикада шикізат пен материал бағасының өсімі тау-кен өндіру өнеркәсібінде, көлік пен қоймада сақтауда, сондай-ақ ауыл шаруашылығында баяулады. Мұндай құбылыс тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыстағы дайын өнім бағасынан да байқалды. 2024 жылғы III тоқсанда ауыл шаруашылығы саласын қоспағанда, шикізаттың, материалдар мен дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулайды деп күтіледі.
2024 жылғы II тоқсанда өңдеу өнеркәсібі мен сауданы есепке алмағанда, барлық салада өндіріс көлемі төмендеген. III тоқсанда ауыл шаруашылығын (біршама баяулауын) қоспағанда, кәсіпорындар өндіріс көлемі артады деп күтеді.
Сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау салаларында барлығы 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz