Маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде жылдық инфляция баяулады
Маусымда елде жылдық инфляция бәсеңдеп, 8,4%-ды құрады (мамырда – 8,5%). 10 өңірде бәсеңдеген жылдық инфляция 9 өңірде жеделдеп, 1 өңірде өзгеріссіз қалды.
Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,4%-ға дейін баяулады (мамырда – 5,5%). Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Алматы қаласында (7,7%), минималды өсім Түркістан облысында (3,2%) тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,4%-ға дейін бәсеңдеді (мамырда – 7,6%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (14,0%), төменгі мән Алматы облысында (5,5%) тіркелді.
Маусымда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,8%-ға дейін бәсеңдеді (мамырда – 13,9%). Сонымен қатар, Павлодар облысында (18,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,2%) айтарлықтай төмен өсті.
Маусымда ел бойынша айлық инфляция 0,4%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017-2021 жылдардағы маусымда – 0,5%).
Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz