Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңес мемлекет қаржысының тұрақтылығына талдау жүргізуге қатысты ҚҰБ бастамаларын қарады
Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменовтің басшылығымен Қазақстан Республикасы Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚҰБ), Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылары қатысты.
Отырыста мемлекет қаржысының тұрақтылығына талдау жүргізу мәселесі бойынша ҚҰБ бастамалары қаралды. Оның аясында макро-фискалды модель құруға қатысты негізгі тәсілдер әзірленді. Бұл – мемлекет қаржысының орнықтылығын талдайтын құрал. Сол арқылы Қазақстан Ұлттық қоры активтерінің динамикасы талданып, республикалық бюджеттің кірісі мен шығысының болжанған деңгейі арасындағы салық алшақтығы бағаланады.
Сондай-ақ, ХВҚ-ның FSAP (The Financial Sector Assessment Program) ұсыныстары аясында банктерге шетел валютасында өтімділікті қамтамасыз етуге әртүрлі мүмкіндіктер беруге қатысты ұсыныстар талқыланды.
Бұдан бөлек, ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша Жол картасындағы іс-шаралардың нәтижелері мен алда қандай жұмыстар атқарылатыны жөнінде айтылды.
Кеңес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысу үшін қаржы секторындағы өзекті мәселелерді талқылауға қатысты жұмысын әрі қарай жалғастырады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz