Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі Орталық банктердің цифрлық валюталарын зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі орталық банктердің цифрлық валюталарын (CBDC) әзірлеу саласында тәжірибе алмасуды көздейтін Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Тараптар білім және сараптамалық деректер алмасуға, CBDC саласында бірлескен зерттеулерді іске асыруға, сондай-ақ бірлескен оқыту арқылы қызметкерлердің құзыретін дамытуға уағдаласты.
Меморандумның мақсаттарын орындауға Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы, ал Қытай Халық банкі тарапынан – Цифрлық валюта институты да қатысатын болады.
Қол қойылған құжат қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы мен екі елдің инновацияларға және цифрлық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz