1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚРҰБ Басқарма отырысының қорытындысы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысын өткізіп, реттеуші қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселені қарағаны туралы хабарлайды.

Атап айтқанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Ұлттық Банктің 2024-2026 жылдарға жасаған болжамы қаралды.

Жиында ҚҰБ-тың алтын-валюта активтерін басқаруға байланысты инвестиция стратегиясына, Қазақстан ұлттық валютасының банкноталары мен монеталарының төлемақысын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, Орталық контрагентке өтімділік беру механизмі нақтыланды.

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің Басқармасы коллекциялық монеталарының дизайнын жобалауға, 2025 жылы Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарын шығаруға және айналымға енгізуге қатысты қаулылар қабылдады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

552.05 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға