1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобы отырысына Ұлттық Банктің қатысу қорытындылары туралы

Ұлттық Банк делегациясы Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобы отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына (Тәжікстан) сапарлап барды. Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Польша, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Швейцария орталық банктері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің, сондай-ақ орнықты экономикалық даму мәселелері алдында тұрған сын-қатерлерге айрықша назар аудара отырып, кіші топ аясындағы өзара іс-қимылдың бүгінгі күн тәртібін талқылады. Тараптар қазіргі макроэкономикалық жағдай мен инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар туралы ақпаратты бөлісті.

Қазақстан делегациясы «Жасыл экономика экономиканы дамытудың балама моделі ретінде» жоғары деңгейдегі семинарға қатысты. Оның барысында тараптар жаһандық климаттық күн тәртібін, сондай-ақ жасыл қаржы мен технологияларды дамыту мәселелерін талқылады. «Цифрландыру ұлттық экономика мен қазіргі қоғамның даму үрдісі ретінде» жоғары деңгейдегі семинарға қатысу аясында Қазақстан 2022 жылы электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша 30 көшбасшы елдің қатарына кіргені атап өтілді. Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру айтарлықтай ілгерілеуді көрсетуде, Ұлттық Банк платформасында биометриялық сәйкестендіру сервисі табысты жұмыс істей бастады, 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланып отырған Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының бірқатар компонентін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда.

Отырыс алаңында Швейцария мен Өзбекстан орталық банктерінің, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің басшылығымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулер өтті.

Швейцария Ұлттық банкі (SNB) өкілдерімен кездесу барысында Т. Сүлейменов 2024 жылдың қазан айында Швейцария банкінің жаңа Төрағасы қызметіне кіріскеннен кейін конструктивті ынтымақтастық дәстүрін сақтауға үміт білдіріп, SNB Төрағасы Томас Йорданға екі елдің орталық банктері арасындағы ұзақмерзімді достық қарым-қатынас үшін алғысын білдірді.

Дүниежүзілік банктің Вице-президенті Антонелло Бассанимен кездесу кезінде институционалдық диалог пен тәжірибе алмасуды тереңдетудің маңыздылығы атап өтілді. Ұлттық Банкке Қазақстанның қаржы нарығын дамыту үшін халықаралық талдамалық және практикалық тәжірибені біріктіруге мүмкіндік беретін техникалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары атап өтілді. Сондай-ақ, резервтерге кеңес беру және басқару бағдарламасы аясында ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға