ҚР Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы ахуалдың қалыптасуына мониторинг жүргізіп отыр
Ресей Федерациясында бірқатар инфрақұрылымдық қаржы ұйымындарының санкцияға ілігуіне байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы ахуалдың қалыптасу барысына мониторинг жүргізіп отыр.
Қазақстан қор биржасында сауда-саттық ісі штаттық режимде жүріп жатыр. Бұған дейін тиісті баспасөз релизі биржаның ресми сайтында жарияланған болатын.
https://kase.kz/files/press/kz/13_06_2024_kase_sanctions_kaz.pdf
https://kase.kz/files/press/kz/13_06_2024_clearing_settlements_kase_kacc1_kaz.pdf
Теңге бағамы қазіргі уақытта қолайлы дамып келе жатқан ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптаса береді: мұнай бағасы барреліне 80 АҚШ долларынан жоғары деңгейде.