1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мамыр айында іскерлік белсенділік өндірісте, қызмет көрсету секторында және құрылыста жақсарды

2024 жылдың мамыр айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі     

Іскерлік белсенділік индексі 50,7 болып, жақсару үрдісін жалғастырды. Көрсеткіш төрт ай бойы оң аймақта тұр.

Өндірісте, қызмет көрсету секторында және құрылыста көрсеткіш жақсарды. Аталған секторларда іскерлік белсенділік индексі тиісінше 51,5, 50,6, және 52,0 (сәуірде – тиісінше 50,8, 51,4 және 48,8) болып, өсу аймағында болды. Әсіресе, құрылыста көрсеткіш айтарлықтай жоғарылап, оң аймаққа өтті. Құрылыста барлық компоненттер жақсарды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде еңбекпен қамтудың төмен деңгейі іскерлік белсенділіктің өсу барысын тежеді. Мұнда индекс 49,0-ге дейін (сәуірдегі 47,1-ден) жоғарылағанына қарамастан, көрсеткіш теріс аймақта қалды.

Бизнес-ахуал индексі мамыр айында біршама жақсарды. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайлары оң бағаланды. Қазіргі бизнес жағдайларды бағалау аздап жақсарды. Осылайша, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.    

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға