1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сауалнама: сарапшылар инфляция, ЖІӨ және базалық мөлшерлеме бойынша болжамдарын жария етті

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады.

Сауалнаманың негізгі параметрлері Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ ұлттық валюта бағамы болып табылады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Респонденттердің орташа күтулері бойынша 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орташа есеппен барр. үшін 83,3 АҚШ долл. деңгейінде қалыптасады (бұрынғы бағам – 81,0 АҚШ долл.). 2025 және 2026 жылдарғы күтулер 80,0 АҚШ долл. деңгейінде сақталуда.

2024 және 2026 жылдарға Қазақстан экономикасы бойынша болжамдары 4,3% және 4,5%-ға дейін қайта қаралған. 2025 жылы, бұрынғыдай 5,0% деңгейінде өсім күтілуде.

2024 – 2025 жылдарға инфляция болжамдары алдыңғы сауалнама нәтижелерінен аса ерекшеленбей 8,5% және 6,8%-ды құрады. Алдынғысына сәйкес – 8,4% және 7,0%. 2026 жылы респонденттер инфляцияны 5% мақсатпен салыстырғанда 6,0% деңгейінде сақталуын күтеді.

2024 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша болжам өзгермеген (жылына орта есеппен 14%). 2025 жылға күтулер сәуір айындағы күтулермен салыстырғанда төмен, яғни 10,9% деңгейінде құралған (бұрынғысы – 11,2%), 2026 жылғы күтулер  9,2% деңгейінде қалыптасты (бұрынғысы – 9,8%).

Сауалнамаға Қазақстан көлемінде макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамы кірмейтінін атап өткен жөн. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың даму барысына қатысты нарықтың кәсіби қатысушыларының тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолу жасалған.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/macrosurvey

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға