1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақпанда жылдық инфляция Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде баяулады

Ақпанда елде жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады (қаңтарда – 9,5%). 13 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді, 4 облыста қарқын алып, 3 өңірде өзгеріссіз қалды. 

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 7,4%-ға дейін баяулады (қаңтарда – 8,2%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (10,3%) барынша тез, ал Шымкент қаласында (5,2%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,5%-ға дейін бәсеңдеді (қаңтарда – 8,6%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,3%), ең төменгі мән Ақтөбе облысында (7,1%) тіркелді.

Ақпанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 12,8%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 12,3%). Сонымен қатар, Қарағанды облысында (18,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама тез, Алматы облысында (8,0%) айтарлықтай баяу өсті.

Ақпанда ел бойынша айлық инфляция 1,1%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы ақпанда – 0,7%).

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға