Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк төлем жүйелерінің және көрсетілетін маңызды төлем қызметтерін жеткізушілердің тізілімін жаңартты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурста жаңартылған Төлем жүйелерінің тізілімін жариялады.

Тізілімде Қазақстан аумағында жұмыс істейтін 19 төлем жүйесі туралы ақпарат қамтылған. Банкаралық ақша аударымдары жүйесі – жүйелік маңызы бар төлем жүйесі. Осы төлем жүйесі арқылы мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына және (немесе) Қазақстан Республикасының валюта нарығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша маңызды төлем жүйелеріне мыналар жатқызылды:

– Банкаралық клиринг жүйесі, ол арқылы ұлттық валютадағы жеке төлемдердің 40,8%-дан астамы жүргізіледі (төлем карточкаларын қоспағанда);

– VISA карточкалық төлем жүйесі;

 «Золотая корона» халықаралық ақша аударымдары жүйесі, ол арқылы жеке тұлғалардың Қазақстан бойынша банктік шот ашпай, шетелге және шетелден аударымдары жүзеге асырылады.

Қалған 15 төлем жүйесі басқа да төлем жүйелеріне жатқызылды.     

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша көрсетілетін маңызды төлем қызметтерін жеткізушілердің субъектілік құрамы өзгерді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Ситибанк Қазақстан» АҚ маңызды төлем қызметтерін жеткізуші деген өз мәртебесін сақтап қалды.   

  • «Kaspi Bank» АҚ – төлем карточкаларын шығару, төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды өңдеу және электрондық терминалдар мен төлем карточкаларын пайдаланбай қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша;
  • «Ситибанк Қазақстан» АҚ – банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру бойынша;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – ақша аударымдары жүйелері арқылы ақша аудару бойынша.

Көрсетілетін маңызды төлем қызметтерін жеткізушілер тізілімі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланды.  

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға