Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк коллекциялық AI•KÚN және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағын сатуға шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 14 наурыздан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Сиқырлы нышандар» сериясынан коллекциялық AI•KÚN және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағы сатуға шығарылатынын хабарлайды.

AI•KÚN коллекциялық монеталары күмістен дайындалған. Металл сынамасы – 925/1000. Монеталардың өзі жоғары бедерлі, алтын жалату және екі жақты тотығу технологиялары қолданылған. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black proof, номиналы – 500  теңгелік. Таралымы – 3 000 (үш мың) дана.

Монета бейнесі

«Қар барысы» кәдесыйлық блистер жинағы ұлттық валюта – теңгенің айналыстағы монеталарының номиналды қатарынан тұрады. Таралымы – 30 000 дана. 

Монета жинағының бейнесі

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға