1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ 2024–2026 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық параметрлер бойынша болжамдарды жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі «2024 ақпан. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, 2026 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму динамикасы ұсынылған.

Құжатта төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжам, макроэкономикалық жағдайлар, ақша, валюта және қаржы нарығындағы ахуал қамтылған.

Сонымен бірге, баяндамада орталық банктің пайыздық мөлшерлемесі бойынша болжамдарды жариялау, Қазақстан экономикасындағы монетизацияны талдау, «Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымының жағдайы мен даму перспективалары, 2023-2024 жылдардағы жылдық инфляцияның баяулауы және «базалық әсерді» бағалау секілді бокстар да бар.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/obzor-inflyacii/rubrics/2207

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға