1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақпанда іскерлік белсенділік индексі 50,0-ге дейін көтерілді  

2024 жылдың ақпан айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚР Ұлттық Банкі АКСД директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2024 жылдың ақпан айында іскерлік белсенділік индексі жоғарылады.

Көрсеткіш біршама төмендегеніне қарамастан, қызмет көрсету мен өндіріс секторында өсу аймағында қалып, тиісінше 50,3 және 50,1 құрады (қаңтарда – тиісінше 50,7 және 50,4), жеткізілім мерзімін қоспағанда, барлық құрауыштардың жақсарғаны байқалады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста көрсеткіш тиісінше 48,4-ке және 49,2-ге дейін (қаңтарда – тиісінше 45,9 және 47,2) жоғарылағанына қарамастан, теріс аймақта қалды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жеткізілім мерзімі қасқарды.

Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды бағалау жақсарды. Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағалауын білдіретін бизнес-ахуал индексі 10,5 (қаңтарда – 9,1) болды, ал бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағына ауысты.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida 

Жоғарыға