Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан бойынша елдік шолуды жаңартты

1 наурызда S&P рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасы бойынша егеменді кредиттік рейтингін талдау шеңберінде елдің кредиттік рейтингін «BBB–» деңгейінде «тұрақты» болжамын растады. Бұл шешім, ең алдымен, ықтимал сыртқы шоктарды бейтараптандыратын елеулі сыртқы резервтердің көлемі мен айтарлықтай бюджеттік тұрақтылықтың болуымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, агенттік сарапшылары мемлекеттік басқарудағы жоспарланған реформалар мен экономикалық реформалар егеменді рейтингтің болжамын оңынан көрсететінін атап өтті.

S&P сарапшыларының пікірінше, қуат көзі мен азық-түлік бағасының жаһандық төмендеуіне қарамастан, инфляциялық қысым сақталып отыр. Сарапшылардың болжауынша, 2024 жылы инфляция орташа есеппен 8%-ды құрайды, ал 2026 жылға қарай Ұлттық Банктің мақсаттық деңгейіне сәйкес келетін 5%-ға дейін баяулайды. Агенттік 2015 жылы еркін құбылмалы айырбас бағамына көшу – экономиканың құбылмалылықтың сыртқы факторларына бейімделуіне көмектескенін де атап өтті. 2023 жылдың желтоқсанында долларсыздандыру деңгейі 23%-ға жетті. Тұрақты айырбас бағамы мен инфляцияның біртіндеп төмендеуі одан әрі өсудің алдын алуы керек.

Сонымен қатар, S&P сарапшылары орталық банктің дербестігі мен ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық Банктің жаңа несие және экономиканы қолдау бағдарламаларына қатыспауға ниетті екенін жеткізді.

Сарапшылар мемлекеттік шығыстардың өсуін азайтуға бағытталған бюджеттік ережелердің енгізілуін оң бағалады. Осылайша, Ұлттық қордан түсетін шығыстар мен трансферттердің өсімін азайтуға бағытталған Үкімет жоспарлары мемлекеттік бюджеттің тапшылығын ұстап тұруға және халықаралық резервтердің деңгейін тұрақтандыруға тиіс.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға