1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстанда POS-терминалдардың саны алғаш рет 1 млн бірліктен асты

Қазақстандықтар төлем карточкаларын белсенді пайдаланып жүр. 2023 жылы қазақстандық банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, 165,0 трлн теңгеге 11,6 млрд операция жүргізілді. Оның ішінде қолма-қол ақшасыз тәсілмен 141,9  трлн теңгеге 11,3 млрд қолма-қол ақшасыз операция жасалды (36,7%-ға өсті).

2023 жылы төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақша беру операцияларының саны 5,2%-ға азайып, 241,1 млн операция болды. 2023 жылы төлем карточкаларын ұстаушылар 23,1 трлн теңге қолма-қол ақша алды. 2023 жылы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі өскені (83%-дан 86%-ға дейін) және қолма-қол ақша алу операцияларының үлесі төмендегені (17%-дан 14%-ға дейін) байқалды.

Қазақстандықтар арасында қолма-қол ақшасыз операция жасауда ең көп сұранысқа ие тәсіл – интернет және мобильді банкинг. Күн сайын қазақстандықтар цифрлық банкинг арқылы 344,5 млрд теңгеден астам сомаға 24,1 млн астам операция жүргізеді. 2023 жылдың екінші жартыжылдығында QR-код арқылы 6,3 трлн теңгеге 1,05  млрд операция жүргізілді. 

Онлайн-банкинг арқылы жасалған операциялар (трлн теңге) 

2024 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша, пайдаланылған төлем карточкаларының жалпы саны 38,7 млн бірлік болды. 2023 жылы әрбір белсенді төлем карточкасын пайдалана отырып, 3,9 млн теңгеге орта есеппен 312-ден астам қолма-қол ақшасыз операция жүргізілді.

Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуді қабылдауға арналған банктер желісі де айтарлықтай көбейді. POS-терминалдар желісі де кеңейіп, 793,1 мың кәсіпорында (39,7%-ға өсті) 1,04 млн болды (25,3%-ға өсті). 2023 жылы әрбір POS-терминал арқылы 15,2 млн теңгеге орта есеппен 2,4 мың операция жүргізілді. 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

740.01 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға