Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығы бойынша ақпараттық хабарлама 

Ақпанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 450,65 теңгеге дейін 0,6%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 172 млн АҚШ долларынан 187 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,9 млрд АҚШ долларын көрсетті.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату ақпанда 609 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 16%-ын және күніне 29 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде болды. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында ақпанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 400 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрады.

Ұлттық Банк ақпанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы наурызда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 700 млн АҚШ долларынан 800 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

2024 жылғы наурызда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтілуде.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты мейілінше толық ашып көрсетуді көздейді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

559.56 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға