1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылы ҚҰБ төлем жүйелері арқылы 980,3 трлн теңгеге төлем жүргізілді

2023 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 980,3 трлн теңгеге төлем жүргізілді.

Ұлттық төлем жүйелері: Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) арқылы бір күнде орта есеппен операция жүргізілетін күндері 4,0 трлн теңгеге төлем жасалады. Айта кетейік, ең көп операция сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді.

2023 жылы Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,95%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түсіп, ұлттық төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін көрсетеді.

Анықтама үшін: Қазақстан Ұлттық Банкі Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) операторы болып табылады. ҚҰБ-тың осы төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмысын және Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.    

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға