1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың IV тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижелері туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

Нақты сектор кәсіпорындарында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы 2023 жылдың IV тоқсанында тау-кен өндіру өнеркәсібінде, құрылыс пен ауыл шаруашылығында дайын өнімге сұраныс артқанын көрсетті. 2024 жылдың І тоқсанында (біршама баяулаған) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын қоспағанда, барлық салада сұраныспен байланысты жағдай жақсарады деп күтіледі.

2023 жылдың IV тоқсанында құрылыс саласында ғана шикізат пен материалдар бағасының өсу тұрғысынан баяулағаны байқалды. Бұдан басқа, көлік пен қоймада сақтауды, сауданы қоспағанда, барлық салада дайын өнім бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді. 2024 жылдың І тоқсанында барлық салада шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны баяулап, дайын өнім бағасының (ауыл шаруашылығы саласын қоспағанда) өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтіледі.

2023 жылдың IV тоқсанында сауда мен ауыл шаруашылығы саларында ғана өндіріс көлемі төмендеген. 2024 жылдың І тоқсанында барлық салада өндіріс көлемі өсетіні күтіледі.

Сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтау салаларынан барлығы 2,6 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға