1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылы IV тоқсанда кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

2023 жылдың IV тоқсанында дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді. Шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құбылуындағы теріс әсер азайды.

Кәсіпорындарда өнім бағасының өсуі баяулап келеді. Диффузиялық индекс (ДИ) 57,7 құрады (2023 жылғы III тоқсанда – 57,9). Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс та аздап бәсеңдеді, ДИ 49,3-ге дейін (49,7) төмендеді. 

Жалпы экономика бойынша сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықтарды және амортизацияны төлеу бойынша шығысты шегергенге дейін) 23,3%-ға дейін (24,2%) төмендеп, бірнеше жыл бойы тұрақты болып келеді.

Бұрынғысынша, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп есептейді. Бұл туралы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 31,1%-ы мәлімдеді. Басқа кедергілер: бәсекелестік (30,4%); салық деңгейі (28,2%); білікті кадрлардың тапшы болуы (26,3%); сатып алушыларды іздеу (25,0%); реттеушілік өзгерістер (16,5%); дебиторлық қарызды қайтарудағы қиындықтар (15,5%) болып отыр. Маңыздылығы жағынан қаржыландыру ісінің қолжетімді болуы 8-орында (14,8%) тұр.   

Нақты сектордағы кәсіпорындардың сауалнамасын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) 100,1 болды. Кәсіпорындардың 2024 жылғы I тоқсан бойынша күтуі жоғары, алдағы кезеңге арналған КОИ көрсеткіші 100,4 болды.

2023 жылдың IV тоқсанында сауалнамаға 3386 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/konyunkturnyy-obzor-rezultaty

Жоғарыға