1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылы анықталған жалған ақша белгілері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2023 жылы 649 100 теңгеге барабар 181 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз (1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісі).

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан көп жасалатыны белгілі болды: 5000 теңге – 68 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 37,6%-ы), 2 000 теңге – 58 дана (32%).

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматы қаласы мен Алматы облысында анықталды – 124 дана немесе жалпы санының 68,5%-ы. Қалған өңірлерде 57 дана немесе жалпы санының 31,5%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады.

2000 теңге

Жалған банкнота                                                                 Шынайы банкнота            

Қалыпты жарықта  

Ультракүлгін сәуле астында

5000 теңге

Жалған банкнота                                                                 Шынайы банкнота            

Қалыпты жарықта

Ультракүлгін сәуле астында

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға