1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы

ҚҰБ Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті директорының орынбасары Ержан Ахметалидің түсіндірмесі

«7-20-25» ипотекалық кредит беру Бағдарламасының шарты бойынша әр жылғы бюджет жеке бекітіледі және 100 млрд теңгеден аспауға тиіс. Сондықтан, 2024 жылғы бюджет лимиті де 2023 жылғымен бірдей бекітілді, яғни 100 млрд теңгеден асырмау туралы шешім қабылданды.

Бағдарламаның бір жылдық бюджетін біркелкі игеру үшін банктер беретін қарызды талап ету құқығын сатып алуға бағытталатын қаражат тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлінді. Бұл шешім жылдың қай уақытында болмасын тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған азаматтардың жеңілдікпен несие алуына жағдай жасайды.

Тепе-теңдікті сақтау мақсатында осы бағдарлама аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотека қарыздарын талап ету құқығын сенімгерлік басқарғаны үшін алатын банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Қабылданған бұл шара «7-20-25» бағдарламасының операторы – «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-ның шығынын азайтуға, сонымен қатар банктердің бағдарлама аясында кредит беруге деген ынтасын сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл шешім 7% деңгейінде сақталатын түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесіне әсер етпеуге тиіс.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға