1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген ақша аударымдарының көлемі 1,12 трлн теңге болды

2023 жылғы қаңтар – қазан аралығында Қазақстан бойынша және шетелге банктік шот ашпай халықаралық ақша аударымдары жүйелері (бұдан әрі – ХААЖ) арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,12 трлн теңге болды. Негізінен ХААЖ банктік шот ашпай-ақ аударымдар үшін қолданылады. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда операциялар көлемінің 26,7%-ға төмендеуі байқалады (төмендеу алынған аударымдардың көлемі бойынша көбірек белгіленеді). Операциялардың негізгі үлесі 95% – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі.

2023 жылғы 10 айда ХААЖ арқылы шетелге жіберілген ақша көлемі 806,9 млрд теңгеге жетті (жиынтық көлемнен 72%), осы кезеңде алынған ақша аударымдарының көлемі 258,5 млрд теңге (23%) болды.

Қазақстандықтар шетелге орта есеппен 375,3 мың теңгеге аударымдар жібереді, ал алынған төлемдердің орташа сомасы 280,4 мың теңге болды. Негізінен бұл аударымдар жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдар сипатына ие.

ХААЖ арқылы банктік шот ашпай жіберілетін трансшекаралық аударымдар негізінен Өзбекстанмен (28,9%), Ресеймен (24,2%), Түркиямен (22,9%), Грузиямен (9,5%) және Қырғызстанмен (3,4%) жүзеге асырылады. Шетелге аударымдарды табыс табу мақсатында елдің аумағында болуы мүмкін қазақстандықтар да, шетелдік азаматтар да жүзеге асырады.

Шетелден алынған аударымдар құрылымында көп бөлігін Ресейден (36,5%), Өзбекстаннан (11,0%), АҚШ-тан (10,8%), Оңтүстік Кореядан (10,6%) және Түркиядан (6,3%) аударымдар құрайды.

Шетелге жіберілген аударымдар бойынша төлем жүйелері бөлігінде үлесі 70%-дан асатын «Золотая Корона» төлем жүйесі алдыңғы орында тұр. Шетелден алынған аударымдар бойынша операциялардың негізгі үлесі «Золотая Корона» және «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі.  

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға