Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Инфляциялық үрдістер: инфляция 17 өңірде баяулады

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады.

2023 жылғы қарашада елде жылдық инфляция 10,3%-ды құрап (қазанда – 10,8%), баяулады. Өңірлер бойынша жылдық инфляция 17 өңірде бәсеңдеп, 2 өңірде жеделдеді, ал 1 өңірде (Абай облысы) өзгеріссіз қалды.    

Бұл ретте, қараша айында елдегі айлық инфляция 1% болды.

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді.

Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 9,2%-ға дейін ж/ж (қазанда – 10,4%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (12,4%) тез, ал Шымкент қаласында (6,8%) баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 9,9%-ға дейін ж/ж баяулады (қазанда – 11,1%). Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,2%), ал ең төмен мән Алматы облысында (7,7%) тіркелді.

Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 12,0%-ға дейін ж/ж өсті (қазанда – 11,0%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Түркістан облысында (18,1%) біршама жоғары, Астана қаласында (8,4%) айтарлықтай төмен өсті.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

779.82 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға