1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Цифрлық теңге» жобасының бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары туралы баяндама жарияланды

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында ұлттық цифрлық валютаны енгізудің бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары туралы «Цифрлық теңге: бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері» баяндамасы жарияланғанын хабарлайды.

Құжатта «Цифрлық теңге» жобасының ағымдағы мәртебесі мен 2023 жылы алынған өнеркәсіптік және эксперименттік контурды іске асыру нәтижелері туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар, жобаны 2024 және 2025 жылдары одан әрі іске асыру жоспары да бар.

Атап айтқанда, 2023 жылғы 15 қарашада өнеркәсіптік контур шеңберінде цифрлық теңге платформасын енгізудің бірінші кезеңі іске қосылды.

Жобаға Visa, Mastercard секілді халықаралық төлем жүйелері мен екінші деңгейлі 4 банк: Халық Банкі, Altyn Bank, БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк қатысты.

Цифрлық теңгедегі цифрлық шотқа байланған цифрлық банктік карталар қолданыстағы банк инфрақұрылымы мен таныс пайдаланушы жолы аясында азаматтарға әлемнің кез келген нүктесінде жұмсауға, қолма-қол ақша алуға және операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде жобаға қатысушы – банк клиенттеріне цифрлық шоттар арасында төдем мен аударым жасау қолжетімді.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының тегін тамақтануын төлеу үшін Алматы қаласы әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ бірлесіп, «цифрлық ваучерлер» пилоттық жобасын іске қосты.

Эксперименттік контурдағы жұмыстар Digital Tenge Ideathon 2022 идеялар байқауында жеңіске жеткен нарық қатысушыларының идеяларын сынақтан өткізуді, сондай-ақ трансшекаралық төлемдерді, цифрлық теңгемен қамтамасыз етілген стейблкоиндер шығаруды және бағалы қағаздарды токенизациялауды тестілеуді де қамтыды.

2024 жылы нарық қатысушыларымен бірге іске қосылған жүйелер мен жобаларды масштабтау жоспарланған. Атап айтқанда, келесі кезең аясында нарыққа жаңа қатысушыларды қосуды, интернетсіз де есеп айырысуларды енгізуді және смарт-келісімшарттарды қолдануды көздейді.

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк цифрлық теңгені кезең-кезеңімен 2025 жылдың соңына дейін 3 кезеңде енгізеді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға