1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 10 айда ҚҰБ төлем жүйелері арқылы 768,9 трлн теңгеге төлем жүргізілді

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы барлығы 768,9 трлн теңгеге төлем жүргізілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 26%-ға көп.

Операциялық күн ішінде ұлттық төлем жүйелеріне түсетін орташа жүктеме күніне 3,8 трлн теңгеге 298,4 мың төлемді құрайды. Минут сайын 5,7 млрд теңгеге операциялар жүргізіледі. Айта кетейік, ең көп операция сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді.

2023 жылдың 10 айында Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түседі және ұлттық төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін көрсетеді.  

Анықтама үшін:

Қазақстан Ұлттық Банкі Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) операторы болып табылады. ҚҰБ-тың осы төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмысын және Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.    

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

 

Жоғарыға