1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың қараша айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

Қарашада іскерлік белсенділік индексі 49,0-ға дейін төмендеді.

Іскерлік белсенділік өндірісте және құрылыста жақсарғаны байқалды, көрсеткіш тиісінше 51,4 (қазанда – 51,6) және 50,2 (қазанда – 48,8) болды. Құрылыста жаңа тапсырыстардың көлемі, еңбекпен қамту деңгейі жоғарылады. Ал өндірісте жаңа өнім мен тауарлық-материалдық қорлардың көлемі де ұлғайды.

Қызмет көрсету және тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіш төмендеп, индекстер тиісінше 48,3-і (қазандағы 49,4-тен) және 47,4-ті (қазандағы 48,3-тен) құрады. Қызмет көрсетуде жаңа тапсырыс пен еңбекпен қамту көлемі төмендеп, тау-кен өндіру өнеркәсібінде тауарлы-материалдық қорлардың көлемінен басқа, барлық құрауыштардың төмендегені байқалды.

Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіштері төмендеді. Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 7,0 болды (2023 жылғы қазанда – 11,2).  

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға