Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығы туралы ақпараттық хабарлама

Қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 458,24 теңгеге дейін 2,4%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 155-тен 192 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Қаражатты республикалық бюджетке жіберу үшін Ұлттық қордан трансферттерді қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын сатып алу үшін қарашада 1320 млн АҚШ доллары мөлшерінде валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 31% болды және бір күнде 60 млн АҚШ долларынан аспады. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді. Осы практика Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.  

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк қарашада биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды, оның жалпы сомасы 200 млн АҚШ доллары немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 5%-ын  құрады.

Ұлттық Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту мақсатында қарашада  70 млн АҚШ доллары мөлшерінде валютаны сатып алды.

Ұлттық Банк қарашада валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Ұлттық Банк алдын ала желтоқсанда Ұлттық қордан 600-ден 700 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды алдын ала жоспарлап отыр. Ол Үкіметтің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде жүзеге асады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін желтоқсанда 100-ден 200 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде,  ал ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін 30-дан 50 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алынуы күтіліп отыр.   

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты  аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді.   Қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлем нарығындағы жағдайға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздік жинақталуын болдырмайтын және алтынвалюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

587.67 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға