1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан бойынша болжамын позитивтіге дейін көтерді

27 қазанда Moody’s елдің рейтингін «Baa2» деңгейінде растай отырып, Қазақстанның кредиттік рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді.

Позитивті болжам Moody’s сарапшыларының берген бағасы болып табылады және рейтингі ұқсас мемлекеттер тобымен салыстырғандағы экономикасының әртараптандырылуы мен оның өсімі бойынша айтарлықтау ілгерілеуді білдіреді. Жалғасын тапқан реформаларға беталыс пен мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру болжамды жоғарылатуға ықпал етті.

Агенттіктің рейтингті растауы мемлекетті сыртқы тәуекелдерден қорғайтын – қарыздық ауыртпалықтың төмендігі, қарыздық қаржыландыруға қолжетімділік пен халықаралық резервтердің бар болуына негізделген.

Moody’s болжамынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының жинақталған активтері айтарлықтай көлемдерін сақтайды, сондай-ақ тұрақты сыртқы позицияға қолдау көрсетеді, өтімділік тәуекелдері мен экономиканың сыртқы шоктарға ықпалдылығын төмендетеді. Бұл буфердің сақталуына қосымша ықпалды трансферттерді шамадан тыс қолданудың экономикаға тигізетін проциклдік әсерінің алдын алуға және қор қаражаттарының таза жинақталуына септігін тигізетін бюджеттік ережелер қолдау көрсететін болады. 

Moody’s ұзақмерзімді перспективада  Қазақстанның экономикалық келешегі ұқсас рейтингі бар мұнай экспорттаушы елдерге қарағанда жоғары болады деп күтеді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:

Жоғарыға