1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2024-2025 жылдары шығарылатын коллекциялық монеталардың тақырыбы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024-2025 жылдары шығарылатын ұлттық валютаның коллекциялық монеталары тақырыбын бекітті.

Алдағы екі жылда ҚҰБ «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері», «Ұлы қолбасшылар», «Жаратылыс сырлары», «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» және «Сиқырлы нышандар» серияларын жалғастырады.  

Сонымен қатар, ҚҰБ шығаратын коллекциялық монеталардың тақырыбына мынадай жаңа сериялар да енгізілді:

- «Қазақстанның жер қойнауы» (Д. Менделеев кестесінен алынған металл қондырғылары бар монеталар дайындау);

- «Қазақстанның футбол клубтары» (ҚР премьер-лигасындағы футбол клубтарының логотиптерімен бір мезгілде 14 монета шығару);

- «Қазақстанның інжу-маржандары» (осы сериядағы алғашқы монета «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының 70 жылдығына арналады);

- «Көшпенділердің аңыздары мен мифтері» (серия ежелгі көшпенділердің мифологиясы мен дәстүріне арналған).

2024-2025 жылдары шығарылатын монеталардың толық жоспары ҚҰБ сайтында жарияланды.

Тақырыптың негізгі  мақсаты – түрлі бағыт (тарихи оқиғалар, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, Қазақстанның бірегей табиғаты, маңызды мерейтойлық даталар) бойынша монеталар шығару арқылы мәдени құндылықтарды қолдау.

Қазақстанның барлық монетасы туралы ақпарат PlayMarket және AppStore дүкендерінде тегін жүктеп алуға болатын ҚҰБ мобильді қосымшасында қолжетімді екенін естеріңізге саламыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға