1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы кездесулеріне қатысуының қорытындысы туралы

Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов бастаған делегация (Марракеш қ., Марокко) өткен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы кездесулеріне  қатысты.

Ұлттық Банктің басшылығы ХВҚ және ДБ тобы Басқару кеңесінің, Халықаралық валюталық-қаржылық комитеттің (IMFC) пленарлық, орталық банктер басшыларының алқа отырыстарына қатысты.

ХВҚ басқарушы-директоры Кристалина Георгиева IMFC отырыс барысында қаржылық тұрақтылықты сақтау, инфляцияны төмендету, бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен бірге халықтың ең осал топтарын қорғау мәселелері бойынша қатысушы елдердің келісімін атап өтті. К. Георгиева климаттық күн тәртіп пен цифрлық технологияларды дамытуды ескере отырып, тұрақты және инклюзивті өсуге ынталандырудың маңыздылығын атап өтті.

ХВҚ мен ДБ тобының жыл сайынғы кездесулері аясында Ұлттық Банк делегациясы ХВҚ басқарушы-директорының орынбасары Бо Лимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуперспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Швейцарияның, АҚШ Федералды резерв банкі, Испанияның, Мажарстанның, Қатар мен Мысыр орталық банктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, оның ішінде Қазақстанға шетелдік банктерді тарту перспективаларын талқылады.

ХВҚ Швейцариялық шағын тобы мен делегаттар макроэкономикалық жағдай мен мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыттары туралы баяндады. Сондай-ақ, ХВҚ 2023 жылдың соңына дейін квоталарды 16-рет қайта қарауды аяқтауды жоспарлап отырғаны хабарланды.

Бөлек дөңгелек үстел барысында Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің өкілдері бюджеттік тәртіптің маңыздылығын, бюджеттік саясаттағы орта және ұзақмерзімді қиындықтарды және оны ақша-кредит саясатымен үйлестіруді талқылады.

Ұлттық Банк мемлекеттік органдармен бірлесіп, елдегі ағымдағы макроэкономикалық жағдай туралы ақпарат беру мақсатында рейтинг агенттіктерімен (S&P, Fitch Ratings, Moody's) өткен кездесулерге қатысты.

Сонымен қатар, J.P. Morgan және Bank of America жергілікті мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына инвестициялық қызығушылықты арттыру және ішкі капитал нарығындағы соңғы жаңалықтармен танысу үшін жаһандық инвесторлармен Қазақстан бойынша жеке сессиялар ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының қайталама нарығындағы өтімділікті арттыру мәселелері Сiti, J.P. Morgan, ICBC, Amundi-мен талқыланды.

Ұлттық Банк делегациясы, сондай-ақ, активтерді басқарубойынша Ұлттық Банктің контрагенттерімен, соның ішінде BlackRock, Amundi, Invesco, UBS, HSBC, халықаралық төлем және клирингтік компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға