1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Капиталдың контрциклді буфері мен оның модификацияларын қолданудағы кейбір мәселелер туралы құжат жарияланды

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Капиталдың контрциклді буфері мен оның модификацияларын қолданудағы кейбір мәселелер туралы» талқылау үшін құжат жариялады.

Жаһандық тәуекелдердің күшеюі аясында жеке тұлғаларды кредиттеу сегментіндегі кредиттік берешек өсіп келеді. Осыған байланысты ҚҰБ капиталдың контрциклді буферін (бұдан әрі – ККБ) қолдану және енгізу тәсілдерін әзірледі. Ол Банктік қадағалау бойынша Базель комитетінің әдіснамалық ұсынымдарына және өзге де реттеушілердің тәжірибесіне негізделген. 

ККБ құралы кредиттік бум кезеңінде банктерге қосымша капитал буферін жинақтауға мүмкіндік береді. Яғни, кредиттік портфельдің немесе оның жеке сегменттерінің шамадан тыс өсуі, бұл көбінесе жүйелік тәуекелдердің қалыптасуына және жинақталуына әкеледі. Құлдырау кезеңінде ККБ-ны кейін босату экономиканы кредиттеудің төмендеу қаупін азайтады.

Қазақстандық тәжірибеде ККБ екінші деңгейлі банктер үшін пруденциялық нормативтерде бекітілген. ККБ белгілеу туралы шешім кешенді сандық және сапалық талдау негізінде банк секторымен талқылаудан кейін әзірленеді.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/analitika-metodologiya/rubrics/2095

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға