ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банк басшылары қазіргі экономикалық жағдайды талқылады
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банк басшылары Армения Республикасы Ұлттық банкінің төрағалығымен өткен Консультациялық кеңестің отырысына қатысты.
Консультациялық кеңес мүшелері қазіргі экономикалық жағдай мен ақша-кредит шарттарын талқылады. Іс-шара барысында «Жоғары белгісіздік жағдайындағы ақша-кредит саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, инфляциялық таргеттеу режимі жағдайындағы орталық банк коммуникациясының рөлін талқылады.
Консультациялық кеңестің келесі отырысы 2024 жылдың көктемінде өткізу жоспарланып отыр.