1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары» атты IV ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдау туралы

Ұлттық Банк «Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында IV ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды ашық деп жариялайды. Конференция 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматы қаласында өтеді.

Конференцияда экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша Ұлттық Банк қызметкерлері, академиялық қоғамдастық пен зерттеу ұйымдары жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.

Жоғары оқу орындары (профессор-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу ұйымдарының зерттеушілерін келесі тақырыптық бағыттар бойынша сессияларға қатысуға шақырамыз.

I. Макроэкономикалық саясат: экономикалық тұрақтылық негіздері:

  • Орталық банк және коммуникация: оңтайлы айқындық пен ашықтық;
  • Технологиялық трансформация дәуіріндегі экономикалық өсімнің драйверлері;
  • Макроэкономикалық тұрақтылық пен тұрақты өсімнің негізі ретінде тиімді макроэкономикалық үйлестіру.

II. Қаржы нарығы – сапалы экономикалық өрлеуді қамтамасыз етудегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер:

  • Экономикадағы өсімді инвестициямен қамтамасыз ететін қаржы нарығы;
  • Қаржылық тұрақтылық: несие және жүйелік тәуекелдер;
  • Қаржы секторының құрылымдық трансформациясы: қаржы платформалары және экожүйелер.

III. Цифрландыру және технологиялық трансформация жағдайындағы адами капитал мен еңбек нарығы:

  • Технологиялық өзгерістер мен цифрлық экономика дәуіріндегі жұмыспен қамту;
  • Инфляциялық процестер және еңбек нарығы: еңбек нарығындағы өзгерістердің баға динамикасына әсері.

IV.  Орталық Азия кеңістігіндегі өңірлік даму:

  • Қазақстанның экономикалық байланысы мен өңірлік ынтымақтастық перспективаларын кеңейту;
  • Жаһандану жағдайында өңірлік даму факторы ретіндегі интегративті экономика.

Қызығушылық танытушылардан 2024 жылғы 1 наурызға дейін  өз өтініміне (1-қосымшаға сәйкес) зерттеу жұмысын қоса отырып, «конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Конференцияда баяндама жасауға таңдалған авторларға хабарлама жіберіледі.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

37 Кб
Жарияланған күні:
569.86 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға