1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шілде айында 2 800-ге жуық алтын құйма сатылды

2023 жылдың шілде айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 111,1 келі 2 787 алтын құйма сатылды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 4,6 тонна 135 183 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 35 125  дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 30 738 дана (23%), 100 грамдық құйма – 28 389  дана (21%), 20 грамдық құйма - 24 686 дана (18%), және 50 граммдық құйма – 16 245 дана (12%).

2023 жылдың шілде айында алтын құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (1 275 дана, 46%), Шымкент (756 дана, 27%) және Астана (151 дана, 5%) (1-кесте ).

1-кесте. 2023 жылдың шілде айында халыққа сатылған өлшенген құймалар (дана)

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол мезетте төлей отырып, құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама  іске қосылғалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 623,0 келі 23 710 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған құймалардың 18%-ы. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы халыққа Ұлттық Банктің филиалдары арқылы сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сапа сертификаты да бола алады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алып, кері сатуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

588.59 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға