1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюталық түсімдердің 30%-ын міндетті сату нормасын 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі валюта нарығының теңгерімділігін ескере отырып және квазимемлекеттік сектордағы компанияларға валюта ағындарын басқару кезінде  мүмкіндіктерін кеңейту үшін валюта түсімдерінің 30%-ын міндетті сату жөніндегі норманы тоқтатты. Бұл шешім 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл шараны алғаш рет 2020 жылы сыртқы жағдайлардың нашарлауына байланысты қолданған еді. 2023 жылдың ақпан айында міндетті сату нормасы 75%-дан 50%-ға дейін, ал 2023 жылғы шілдеден бастап 50%-дан 30%-ға дейін төмендетілді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға