1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Өлшенген құймалардың қорғау элементтері туралы

ҚҰБ Банкноттар мен монеталар сараптама басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің түсіндірмесі

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2017 жылы Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және кері сатып алу бағдарламасын іске қосты. Инвестициялық алтын монеталар мен алтын құймалар – өзара ұқсас өнімдер, тек формалары әр түрлі. Қазіргі уақытта сатылымда құйманың бес түрі бар. Олар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймалар.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және механикалық зақым алудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Қораптың өзі алтын қаптаманың сапа сертификатын дәйектейді. Арнайы қорап арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады.

Егер қораптағы тор көз өзінің мөлдірлігін немесе тұтастығын, бүтіндігін, не болмаса, СERTICARD INTACT SEAL жазуы бар мембрана бүтіндігін жоғалтса – арнайы қаптама ашылған болып саналады. Ол ультракүлгін детектормен қараған кезде көрінеді. Оны қолданғанда қорғалған (ашылмаған) қаптамадағы мөлдір тор көз арқылы люминесцентті жазулар пайда болады, егер қаптама ашылған болса, олар өзгереді.

Егер кері сатарда өлшенген құйманың арнайы қорғаныш қаптамасы бүтін болса, онда ол үшін төлем сол мезетте жүргізіледі. Ал, алтын құйманың арнайы қорабы ашылған болса немесе мүлдем болмаса, онда төлем жүргізуге уақыт қажет болады. Ол шамамен – 45 күнтізбелік күн. Өйткені, құйманың түпнұсқалығын тексеру үшін тиісті сараптама жүргізіледі. Сол себепті ҚҰБ өлшенген құймаларды бүтіндей өз қаптамасында сақтауға кеңес береді.

Айта кететін жайт, Қазақстан теңге сарайы алтын құймаларды мөлдір пленкамен қосымша орайды. Пленканың өзі өлшенген құймаларды тасымалдауға және сақтап ұстауға арналған. Бірақ сапа сертификаты бола алмайды.

Еске салайық, өлшенген құймаларды сатып алу үшін және кері сату үшін Бағдарламаға қатысушы – банктер мен айырбастау пунктеріне жүгіне аласыз.

Жоғарыға