1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк жүргізген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы сарапшылар қоғамдастығы арасында жүргізілген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Сауалнамаға Қазақстан аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кірді.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары жоқ екенін атап өткен маңызды. Ол ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың даму барысына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолу жасауды білдіреді.

Осы жылдың тамыз айында сарапшылардың көптеген макрокөрсеткіштерге қарап жасаған болжамы маусым айында жүргізілген сауалнама нәтижесімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.

Респонденттер 2024 және 2025 жылдарға арналған мұнай бағасына қатысты сценарий шарттарын біршама нашарлатты. Сонымен қатар Қазақстан экономикасының өсуі бойынша 2023 жылға арналған болжам 4%-дан 4,4%-ға дейін, 2024 жылға – 4%-дан 4,3%-ға дейін, 2025 жылға – 4,1%-дан 4,4%-ға дейін өсті.

Сарапшылар 2024 жылға арналған инфляцияға қатысты болжамын 9,4%-дан 8,5%-ға дейін жақсартты. Ал, 2023 және 2025 жылдарға арналған болжамдар аса өзгерген жоқ. Осы орайда базалық мөлшерлеменің күтілетін траекториясы сақталды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/macrosurvey

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға