1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың ІІ тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың (салалық конъюнктуралық шолу) нәтижелері туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың нәтижесі ауыл шаруашылығы мен құрылысты есепке алмағанда, салаларда дайын өнімге деген сұраныстың өсімі біршама баяулағанын көрсетті. Құрылыста сұраныс көрсеткіші нашарлап, теріс аймаққа өтті. Ауыл шаруашылығында аздап жақсарды, бірақ әлі де теріс аймақта тұр. 2023 жылдың ІІІ тоқсанында аздап баяулауы күтілетін тау-кен өндіру өнеркәсібінен өзге барлық салада сұраныс жағдайы жақсарады деп күтіледі.

2023 жылдың ІІ тоқсанында шикізат пен материал бағасы өсу тұрғысынан баяулады. Дайын өнім бағасының өсімі де бәсеңдеді. Ауыл шаруашылығында дайын өнім бағасы төмендеу аймағында тұр. 2023 жылдың ІІІ тоқсанында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінде дайын өнім бағасы өседі деген күтуді есепке алмағанда, барлық салада шикізат пен материалдардың және дайын өнімнің бағасы өсу қарқынын жоғалтады деп күтіледі.

2023 жылдың ІІ тоқсанында өндіріс көлемінің төмендегені байқалды. 2023 жылдың ІІІ тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде, саудада, сондай-ақ көлік пен қоймада сақтауда өндіріс көлемі өседі деп күтіледі.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, сондай-ақ көлік пен қоймада сақтауда өндіріс қуатының жүктемесі артты. Жүктеменің жоғары деңгейі  тау-кен өндіру өнеркәсібінде сақталып отыр.

Сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінен, құрылыс пен саудадан, ауыл шаруашылығынан, көлік және қоймада сақтаудан барлығы 2,6 мыңнан астам кәсіпорын қатысты. 

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға