1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың II тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің  түсіндірмесі  

2023 жылдың II тоқсанында нақты секторда экономикалық белсенділіктің қалыпты өсуі жалғасты. Дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулады. Инвестициялық белсенділік шамалы өсіп, теңге бағамының шетел валюталарына қатысты өзгеруінің теріс әсері төмендеді.

Кәсіпорындар өнімінің бағасы өсуінің баяулауы жалғасуда. Баға динамикасының  жалпы өзгерісін білдіретін диффузиялық индекс (ДИ) 57,6 құрады (2023 жылғы 1 тоқсанда – 59,6). Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс аздап баяулады, ДИ 51,1-ге (52,9) дейін төмендеді.

Жалпы экономика бойынша сатудың орташа рентабельділігі (пайыз, салық және амортизация бойынша шығыстар шегерілгенге дейін) жалпы экономика бойынша 24,3%-ға (23,6%) дейін өсті және бірнеше жыл бойы тұрақты болып қалуда.

Әдеттегідей, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп есептейді. Бұл туралы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 33,0%-ы мәлімдеді. Басқа кедергілер: бәсекелестік (30,7%); салық деңгейі (25,9%); білікті кадрдың жетіспеуі (24,2%); сатып алушыларды іздестіру (24,0%); реттеуіш өзгерістер (15,5%); дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (13,0%) болуда. Маңыздылығы бойынша қаржыландыруға қолжетімділік 7-орында (14,3%) тұр.   

Нақты сектор кәсіпорындарының сауалнамасын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) жақсарып, 100,4 құрады. Бұл толығымен бақылау кезіндегі барынша жоғарғы мән болды. Кәсіпорындардың 2023 жылғы III тоқсанға күтулері біршама нашарлап, КОИ 99,9 құрады.

2023 жылдың IІ тоқсанында сауалнамаға 3362 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/konyunkturnyy-obzor-rezultaty

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға