1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Шілдеде іскерлік белсенділік аздап баяулағанымен, көрсеткіш 50,7 болып, оң аймақта қалды.

Қызмет көрсету мен өндіріс секторларында көрсеткіштің жақсарғаны байқалды. Мұнда индекстер өсу аймағында қалып, тиісінше 51,5 және 50,1 құрады. Қызмет көрсету секторында тауар жеткізу мерзімінен басқа барлық компоненттің жақсарғаны, өндірісте жұмыспен қамту деңгейі мен жаңа тапсырыстар көлемінің ұлғайғаны байқалды. Тау-кен өнеркәсібінде тауарлық-материалдық қорлар мен жаңа өнім көлемінің төмендеуіне байланысты индекс қайтадан теріс аймаққа өтті (48,8). Құрылыста бұл көрсеткіш 49,2-ге дейін жақсарды (маусымдағы 47,8-ден), бірақ тауар жеткізу мерзімі мен жаңа тапсырыстар көлемінің азаюы құрылыс кәсіпорындарының белсенділігін тежеп отыр.

Кәсіпорындардың қазіргі және болашақ бизнес жүргізу жағдайларды бағалауы төмендеді. Осылайша қазіргі және болашақ бизнес жағдайларын орташа бағалауын білдіретін бизнес-ахуал индексі 11,3 құрады (2023 жылғы маусымда – 15,7). Ал бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. Өйткені бизнес жүргізудің қазіргі және болашақ жағдайларының бағасы оң қалпында қалды.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға