1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың І тоқсанында Қазақстан банктерінің төлем карточкасын пайдаланушылар 73,5 трлн теңгеге 5,4 млрд операция жүргізді

Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкинг арқылы 21,3 миллионнан астам операция жүргізеді

Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсу динамикасын көрсетіп келеді. 2023 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан банктері шығарған төлем карточкаларымен 73,5 трлн теңгеге 5,4 млрд операция жүргізілді.

Қолма-қол ақшасыз операциялардың да көлемі өскені байқалады. 2023 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалар Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларымен қолма-қол ақшасыз 62,8 трлн теңгеге 5,3 млрд операция жүргізді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық.

Қолма-қол ақшаны шешіп алу операцияларының саны 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,6%-ға азайды.  

Қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізуде интернет-банкинг пен мобильді-банкинг – қазақстандықтар арасында өте жоғары сұранысқа ие тәсіл. Қолма-қол ақшасыз он операцияның тоғызы онлайн режимде жүзеге асырылады.

2023 жылдың 1-жартыжылдығында қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн операциялардың үлесі – саны жағынан 73,5%, ал көлемі жағынан 85,8% болды. Күн сайын цифрлық банкинг арқылы орта есеппен 297,7 млрд  теңгеден астам сомаға 21,3 миллионнан көп операция жүргізіледі.

2023 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша, белсенді төлем карточкаларының жалпы саны – 36,4 млн бірлік (2022 жылғы маусым айымен салыстырғанда 20,4%-ға көп).

Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу инфрақұрылымы едәуір кеңейді. Төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 1,8 есе өсті (2023 жылғы маусым айында – 702 482 кәсіпорын).

Кәсіпкерлердегі және банктердегі POS-терминалдардың саны 1,4 есе өсіп, 934,1 мың бірлікке жетті. Нарықтағы 90,7% POS-терминал QR-кодты пайдалану арқылы төлем жасау функциясын қолдайды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға