1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың І жартыжылдығында Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы ұлттық валютада 441 трлн теңгеге қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жүргізілді

Орташа есеппен бір минут ішінде ҚҰБ-тың төлем жүйелерінде шамамен 6 миллиард теңгенің төлемдері өңделеді

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (бұдан әрі – БААЖ) мен Банкаралық клиринг жүйесінің (бұдан әрі – БКЖ) операторы болып табылады. Бұл төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға арналған инфрақұрылымды білдіреді.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында БААЖ мен БКЖ арқылы жалпы сомасы 441,1 трлн теңгеге 35,3 млн төлем жүргізілді.

Операция орындалатын күндері БААЖ бен БКЖ ұлттық төлем жүйелеріне келетін орташа жүктеме күніне 3,7 трлн теңге сомасына 294,3 мың төлем болады. Орташа есеппен минутына ҚҰБ-тың төлем жүйелері арқылы 5,6 млрд теңгенің операциялары жүргізіледі. Операциялардың басым бөлігі осы жүйелерде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті 99,98% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден көп және ұлттық төлем жүйесінің жоғары тиімділігін көрсетеді. 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға