1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың маусым айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

Жеткізіліммен байланысты проблемаларға қарамастан, маусымда іскерлік белсенділік жақсарды. Индекс 51,1 құрап, оң аумақта қалды.

Көрсеткіш қызмет көрсету секторында (мамырдағы 51,1-ден 52,2-ге дейін) және кен өндіру өнеркәсібінде жақсарғаны байқалды. Мұнда индекс 50,9-ды (мамырда – 49,4) құрап, оң аймаққа өтті. Қызмет көрсетуде жеткізілім мерзімінен басқа барлық құрауыштар жақсарғаны байқалды. Ал кен өндіру өнеркәсібінде тауарлы-материалдық қорлардың көлемі айтарлықтай ұлғайды. Жаңа тапсырыс көлемі төмендеуі тіркелген өндіріс пен құрылыста іскерлік белсенділік тиісінше 48,4-ке дейін (мамырдағы 49,9-дан бастап) және 47,7-ке дейін (мамырдағы 49,2-ден бастап) біршама төмендегені байқалды.

Ағымдағы бизнес-жағдайларды бағалау біршама төмендегеніне қарамастан, бизнес-ахуал индексі аздап ұлғайды. Көрсеткіш қызмет көрсетуде айтарлықтай өсті. Бұл ретте өндірісте біршама төмендеу байқалады.

Осылайша, ағымдағы және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 16,0 болып (2023 жылғы мамырда – 15,3), бизнес-цикл «сағатының» көрсеткіші өсу аймағында қалды. 

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға