1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы 23 маусым – 1 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (447,05 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 449,33 теңгені құрады.

2023 жылғы  23 маусым – 1 шілде аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Сәрсенбі күні АҚШ ФРЖ төрағасы ЕОБ конференциясында сөз сөйлеп, монетарлық саясаттың одан әрі қатаңдауы мүмкін екенін тағы да айтты. Бірінші тоқсанда АҚШ-тың ЖІӨ (жылдық есептеуде өсім 2%) мен жәрдемақы алуға арналған апта сайынғы өтінімдер (мамырдан бері ең төменгі деңгейден 239 мың өтінімге дейін төмендеу) туралы күшті экономикалық деректердің шығуы қазынашылық облигациялар кірістілігінің артуына және АҚШ долларының нығаюына ықпал етті. ҚХР-дың даму перспективаларына қатысты күтудің нашарлауы аясында Орталық банк юаньды қолдау мақсатында күнделікті базалық бағамды (фиксингті) күткен деңгеймен салыстырғанда барынша күшті деңгейде белгіледі.

Жоғарыда аталған факторлар, негізінен, АҚШ долларына қатысты дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын көрсетті. Ол төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,3%-ға (17,17-ден 17,12-ге дейін) нығайды. Мамырда Мексика сауда балансының тапшылығы 74 млн АҚШ долларын құрады. Бұл талдаушылардың күткенінен айтарлықтай төмен;
  • Үнді рупиясы 82,04-тен өзгерген жоқ;
  • Бразилия реалы АҚШ ФРЖ басшысының «қатаңдату» жөніндегі мәлімдемесі аясында 0,2%-ға (4,78-ден 4,79-ға дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы ҚХР-дың даму перспективаларына қатысты пессимизм аясында 0,4%-ға (14999-дан 15066-ға дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел сентиментінің төмендеуі аясында 0,5%-ға (18,75-тен 18,85-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы 3,1%-ға (25,24-тен 26,01-ге дейін) әлсіреді. Себебі, Орталық банк банктерге лирадағы активтерін шетел валютасындағы депозиттер сомасының 5%-на дейін резервтеуге қойылатын реттеу талаптарын жеңілдетті;
  • Ресей рублі ұсыныс шектелген кезде шетел валютасына сұраныстың артуы аясында 5,7%-ға (84,7-ден 89,55-ке дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға