1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының арнайы шығарылымын жариялау туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының арнайы шығарылымы жарияланды.

Арнайы шығарылым 2023 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласында «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» атты Ұлттық Банктің III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ұсынылған материалдар бойынша қалыптастырылды. 

Шолуда конференцияға қатысушы – Ұлттық Банк қызметкерлерінің, академиялық қоғамдастық, зерттеу орталықтары мен халықаралық ұйым өкілдерінің зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Басылымдағы мақалалар конференцияның бағдарламасына сәйкес үш тақырыптық сессияны қамтыған бөлімдерге бөлінді.

  • «Ақша-кредит саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы: баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарын сандық тұжырымдау» сессиясында инфляция бойынша нысаналы бағдардың оңтайлы деңгейін айқындауға қойылатын тәсілдер, оның әлеуеттік мөлшерін бағалау және қалыптасқан талаптарға сәйкес келуі талқыланды.
  • «Макроэкономикалық үйлестіру» сессиясы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен макроэкономикалық үйлестіру мәселелеріне арналды.
  • «Қазақстан Республикасындағы ішкі инфляцияның сипаты мен оның факторлары» сессиясы инфляциялық процестер мен оны төмендету шараларын түсінуге бағытталды.

Экономикалық шолудың арнайы шығарылымымен Ұлттық Банктің интернет-ресурсында танысуға болады: nationalbank.kz/kz/news/ekonomicheskoe-obozrenie

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға